Мемлекет тұрғын үй жалдауға көмектеседі

11 Сәуір 2023, 16:16 779

Отбасы банкі тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялауға қатысты жаңа бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алады:

Жалдау ақысын субсидиялауға өтініш білдірген отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2023 жылы – 40 567 теңге) аспауы қажет.

Бағдарламаға қатысқысы келетін адамның Отбасы банкінде ашылған депозиті болуы керек. Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

EL.KZ
Бөлісу: