Мемлекет кепілдік берген тегін заңгер көмегін кімдер пайдалана алады?

5 Шілде 2023, 16:49 1140

Алматыда жыл басынан бері 7 753 азамат жалпы сомасы 129 933 066 теңгеге мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі және азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер шеңберінде білікті заң көмегін алуға ажырамас құқыққа ие. Мемлекет Қазақстан азаматтарына әділдік пен заң алдындағы теңдік қағидаттары негізінде бұл қолдауға кепілдік береді, - деді Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев.

Оның айтуынша, мемлекет кепілдік берген заң көмегін адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары алимент, зейнетақы мен жәрдемақы өндіріп алу, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасына, еңбекпен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша тегін көрсетеді. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқандарға жеңілдіктерге теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқандарға, әскери қызметшілерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлер, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасылар, аз қамтылған тұлғаларға да көрсетіледі.

Жоғарыда аталған барлық азамат тұрғылықты жері мен орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж адамның мүддесі үшін осындай көмек көрсету туралы өтінішпен оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен жүгіне алады», - деп толықтырды спикер. Азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілмейді. «Азаматтар «кешенді әлеуметтік заң көмегі» қызметін алу үшін Алматы қаласының Әділет департаментіне жүгінуге құқылы, оны заң консультанттары Pro bono түрінде өтеусіз негізде көрсететін болады, бұл заң қоғамы өкілдерінің арасында халықаралық тәжірибеде бар және оның ішінде Қазақстан да бар, - деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар ол Алматыда жыл басынан бері 7 753 азамат жалпы сомасы 129 933 066 теңгеге мемлекет кепілдік берген заң көмегін алғанын атап өтті. Заңгерлік кеңес алу үшін Әділет департаментіне немесе 119 және 1414 нөміріне хабарласуға болады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: