Мемлекет басшысын Германия канцлері қарсы алды

28 Қыркүйек 2023, 17:20 1386

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық канцлердің ведомствосына барды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысын Германия канцлері Олаф Шольц қарсы алды. Санаулы минуттардан кейін екіжақты кездесу басталады.

Бұған дейін сапар барысында мемлекет басшысы федералдық канцлер Олаф Шольцпен және федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізетінін хабарлағанбыз.

Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

EL.KZ
Бөлісу: