Мемлекет басшысы ЖЕЭК кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Кеше, 19:01 411

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Саммит жұмысына Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.

Зарина Арман
Бөлісу: