Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

22 Тамыз 2022, 16:26 1364

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бөлісу: