Мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

2 Ақпан, 19:09 1030

Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина Президентінің Telegram-каналында жазылды, деп El.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Зеленский бірінші кезекте Қазақстан Президентіне Украина еліне көрсеткен гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірген.

Әріптесімді Украина бейбітшілік формуласын жүзеге асыру бойынша қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер жұмысының нәтижелері және Жаһандық бейбітшілік саммиті алдындағы дайындық шаралары туралы хабардар еттім. Мен Тоқаевқа бүгін Киевте күштеп қоныс аударылған украиндық балаларды қайтару жөніндегі халықаралық коалицияның отырысы өтіп жатқанын хабарладым делінген жазбада.

Сөйлесу соңында екі ел басшысы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынас пен саяси диалогты жандандыру мәселелерін талқылаған. 

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: