Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20 Қаңтар 2023, 14:57 939

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: