Мемлекет басшысы Вьетнамға екі күндік ресми сапармен барады

19 Тамыз 2023, 13:23 1052

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: