Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

3 Шілде, 22:01 519

 Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Перизат Саденова
Бөлісу: