Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады

5 Наурыз, 12:20 517

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дастан Рыспековтің баяндамасынан:

Оның 89 пайызы – жеке инвестиция;

Сондай-ақ президентке қатерлі өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында бұған дейін берген тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Тиісті шараларды әкімдік Үкіметпен бірлесіп жүргізуде. 

Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Облыс әкіміне көлік-логистика әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берілді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: