Мемлекет басшысы Үкіметті не үшін отставкаға жібергенін түсіндірді

6 Ақпан, 16:07 1294

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып, Үкімет басшысын тағайындады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жаңа экономикалық даму жағдайына бейім болып, кез келген қауіп-қатерге төтеп беру үшін Үкіметтің өзі де толық қайта жандануға дайын болуы тиіс екеніп атап өтті.

Соның арқасында өзекті мәселелерге жаңа көзқараспен қарап, барлық реформаторлық шешім қабылдау мүмкін болмақ. Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет деп ойлаймын. Мұны жұртшылық та күтіп отыр. Сол себепті кеше мен премьер-министр Әлихан Смайыловтың отставкасы туралы өтінішін қабылдадым. Министр Әлихан Асханұлының басшылығымен Үкімет ел экономикасында және әлеуметтік салада тұрақтылықты қамтамасыз етті. Қарқынды дамуға қажетті маңызды қадамдар жасады, – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің қатысуымен өткен пленарлық отырыста ҚР премьер-министрі лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: