Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел президентінің іссапары 8-9 мамырға жоспарланған. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС-қа берген сұхбатында мәлімдеді.
Владимир Путиннің Қазақстанға қазандағы сапарынан кейін президенттер екі рет – Санкт-Петербургтегі ЕАЭО мен ТМД саммиттерінде және Қазандағы Болашақ ойындарында кездесті. 8-9 мамыр күні президенттің Мәскеуге іссапары жоспарланып отыр, - деді Абаев.