Мемлекет басшысы Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келіссөз барысында өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықтың мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Siemens AG компаниясы – көлік, энергетика, медицина құрал-жабдықтары, электр және жарық техникасы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласында арнаулы қызмет көрсететін Германия және Еуропа Одағы аумағындағы ірі индустриялық конгломерат.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нарығына алғаш келген неміс компанияларының бірі – Siemens еліміздің технологиялық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Siemens AG компаниясымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін айтты.
Кездесуде диалогты жалғастыру және инновациялық дамуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру маңызды екені атап өтілдіAG компаниясы – көлік, энергетика, медицина құрал-жабдықтары, электр және жарық техникасы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласында арнаулы қызмет көрсететін Германия және Еуропа Одағы аумағындағы ірі индустриялық конгломерат.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нарығына алғаш келген неміс компанияларының бірі – Siemens еліміздің технологиялық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Siemens AG компаниясымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін айтты.
Кездесуде диалогты жалғастыру және инновациялық дамуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру маңызды екені атап өтілді.