Мемлекет басшысы Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

4 Маусым, 22:14 1533

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Қатардың қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен ШЫҰ-ның Астанада өтетін алдағы саммиті барысында кездесуге ниетті екенін атап өтті.

Зарина Арман
Бөлісу: