Мемлекет басшысы Қарағанды шахтасында болған өртке байланысты бірқатар тапсырма берді

17 Тамыз 2023, 20:48 792

Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми сайты таратқан дерекке сәйкес, Президент апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсетуді тапсырған. 

Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: