Мемлекет басшысы Қарағанды облысында өрт болған шахтаға келді

28 Қазан 2023, 13:10 738

Қарағанды облысындағы "Костенко" атындағы шахтада болған өрттен кейін Президент оқиға орнына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін "АрселорМитталТеміртау" АҚ-на қарасты шахтада болған өрт салдарынан 21 адам қайтыс болып, жиырмаға жуық адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Сонымен бірге, өрт кезінде шахтада 252 адам болып, оның 205-сі дер кезінде сыртқа шығарылған.

Қазіргі уақытта 21 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: