Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

9 Қыркүйек, 16:02 442

Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады:

– биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды;

– Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған;

– орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық;

– шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.

су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берді:

– бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті;

– 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын.

Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: