Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің депутаттарына алғысын білдірді

19 Қаңтар 2023, 20:32 979

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаттарына алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына Әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті» - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

EL.KZ
Бөлісу: