Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Ораза айтпен құттықтады

31 Наурыз, 17:32 534

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.

EL.KZ
Бөлісу: