Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

19 Шілде, 11:38 674

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы президентінің құрмет грамотасын иеленді.

Айта кетейік, Қазақстанда металлургтер күні шілденің үшінші жексенбісінде тойланады. Биыл бұл мереке 21 шілдеде аталып өтіледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: