Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трассқа құттықтау жеделхатын жолдады

7 Қыркүйек 2022, 12:20 1474

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трассқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

 Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Лиз Трасс үкіметті басқарған кезеңде Ұлыбритания бұдан да гүлденген және орнықты мемлекет құру жолында табанды түрде ілгерілей беретініне сенім білдірді.

 – Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.



Бөлісу: