Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады

Кеше, 16:40 211

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

EL.KZ
Бөлісу: