Мемлекет басшысы корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады

3 Қазан, 10:01 435

Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.

EL.KZ
Бөлісу: