Мемлекет басшысы: Халқымның сенімі – маған аманат

26 Қараша 2022, 11:08 1567

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсіміндегі сөзі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Шын мәнінде, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес. Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік.

Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», - деді Президент.

EL.KZ
Бөлісу: