Мемлекет басшысы Германия президентін Ақордада қарсы алды

20 Маусым 2023, 10:14 705

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді.

 

Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды деп жоспарланған.

Миражан Махан
Бөлісу: