Мемлекет басшысы газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

24 Қазан 2022, 17:32 1396

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен газ және энергетика мәселелері жөнінде шұғыл кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz

Жиын барысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылды, сонымен қатар қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.

Президент еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

Бөлісу: