Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

6 Ақпан 2023, 11:17 964

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

EL.KZ
Бөлісу: