Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарына көмек беруді тапсырды

28 Қараша 2022, 10:00 1480

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.
 
Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды.
 
Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді», - деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желіде.
EL.KZ
Бөлісу: