Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

17 Тамыз 2022, 13:52 972

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады. Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бөлісу: