Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісін қабылдады

14 Қараша 2022, 14:41 1206

Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэл Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды  El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

EL.KZ
Бөлісу: