Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады

11 Желтоқсан 2023, 15:34 831

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марат Ахметжанов:

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады;

өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді:

шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты:

жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен;

Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылғанын және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келетінін хабарлады.

Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берген.

жылыту маусымының барысы туралы баяндады:

барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынған;

Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылған.

Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді;

халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: