Мемлекет басшысы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

5 Ақпан, 11:05 1004

7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: