Мемқызметкерлер тапсыратын тестілеу өзгеруі мүмкін

6 Қазан 2022, 09:15 1160

Жаңа жүйеде маманның рухани құндылықтары, эмоциясы, қабілеттілігі тексеріледі. 

Мемлекеттік қызметшілер тапсыратын тестілеу жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Бетпе-бет» бағдарламасы кезінде айтты, деп хабарлайды EL.KZ. 

Бұған мемлекеттік қызметке қабылданарға дейін тест нормативтік құқықтық актілер бойынша тапсырылатын болса енді оның саны қысқартылмақ. Жаңа жүйеде маманның рухани құндылықтары, эмоциясы, қабілеттілігі тексеріледі. 

Сонымен қатар бағдарлама барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты сөз болды. 

Жаңа кодекске мемлекеттік қызметшілердің қағидасы қылып кіргіздік. Яғни мемлекеттік қызметші ашық болу керек. Адамға бағдарланған болу керек. Және әділ болу керек. Бұл қазіргі мемлекет басшысының сервистік аппарат құру деген мәселесін осы жерде біз көтеріп отырмыз. Біз осы бағытта саннан сапаға көшуіміз керек - дейді Дархан Жазықбаев.

EL.KZ
Бөлісу: