4 Қыркүйек 2014, 06:11
Мелехин Николай Михайлович 1929 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Соколов ауданының Николаевка селосында туды. 19451948 жылдары «Путь коммунизма» ұжымшарында тракторшы болып істеді. 19491952 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1952 жылдан 1958 жылға дейін Налобин МТСнда еңбек етті, кейін 1958 жылдан 1961 жылға дейін «Путь коммунизма» ұжымшарында тракторшы болды. 1961 жылдың ақпанынан бері «Налобин» кеңшарында тракторшыкомбайнер.
1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Николай Михайлович Мелехинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Мұстафин Төлебай 1929 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданының Кенже ауылында туды. Трактористер курсын бітіргеннен кейін 1950 жылы Преснов МТСінде тракторшы болып істейді. 1957 жылдан «Благовещенка» кеңшарында тракторшы.
1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Төлебай Мұстафинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Окунев Василий Андреевич (1925 жылы, Ресей, Тамбов облысы Жердев ауданы Григорьевка селосы – 1973 жылы) – Социалистік Еңбек Ері (1972). Жоғары партия мектебін бітірген (1961). Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған (1940). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ұрыста жараланғаннан кейін мектепте, партия органдарында жұмыс істеген. 1961 жылы Арықбалық (қазіргі Айыртау ауданының құрамында) аудандық партия комитетінің хатшысы, 1962 жылы Қызылту (қазіргі Уәлиханов) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Оразалин Қибадат (1929 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жаңаталап ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын 1948 жылы Қарағанды жол дистанциясында теміржол жұмысшысы болып бастаған. 1959 жылы Елтай ауылының аға шопаны болған. 2 мәрте Ле нин орденімен және медальдармен марапатталған.
Очередько Николай Григорьевич 1929 жылы Украин КСР інің Винницк облысындағы Писарев ауданының Сокиренцы селосында туған. Еңбек жолын 1941 жылы бастады, бұдан кейін ФЗОда оқып, тракторшы мамандығын алып шықты. 1955 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданының Богдан Хмельницкий атындағы кеңшарда тракторшы болып істеген.
1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Николай Григорьевич Очередькоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Петров Василий Прокопьевич 1915 жылы туды. Еңбек жолын 1930 жылы Петропавл ет комбинатында бастады, мал етін алғашқы өндеу цехында жұмысшы болып істеді.
1966 жылы 14 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Василий Прокопьевич Петровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Пономарев Петр Васильевич 1910 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Приишим ауданының НовоМихайловка селосында туды. 1931 жылы жүк тасушы болып жұмыс істей бастаған, кейін Краснояр өлкесінің «Крутояр» астық кеңшарында тракторшы болды. 1936 жылдан бастап, комбайнерлер курсын бітірген соң, Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауданының «Интернационал» МТСнда комбайнер болып істеді. 1958 жылдан «Дубровин» кеңшарында комбайнер болып істеген.
1952 жылы 21 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Петр Васильевич Пономаревке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.