Мектепке бомба қойылғаны жайлы жалған хабарлама таратқан павлодарлық оқушы ұсталды

15 Мамыр 2023, 12:30 956

Павлодар облысында мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарламалар таратқан 14 жастағы оқушы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған оқиғаның мән-жайын Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтып берді.

Павлодар облыстық полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттерімен мектепте бомба қойылғаны туралы жалған хабарламалар таратқан күдікті анықталды. Оның 14 жастағы оқушы екені белгілі болды. Күдікті жаңа телефон нөмірілерін қолдану арқылы ақпан мен сәуір аралығында әлеметтік желілерде түрлі аккаунт ашып, жалған хабарламаларды мектептердің электрондық поштасына жолдап отырған. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп мәлім етті Шұғыла Тұрлыбек.

Министрлік өкілі жалған терроризм актісі туралы хабар таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Равиль Ашығали
Бөлісу: