«Мектепке барғым келмейді». Алматыда 6 сынып оқушысы мұғалімнен әбден таяқ жеген

16 Қаңтар, 10:04 1436

Алматыда оқушы дене шынықтыру сабағында соққыға жығылғанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мұғалім барлық сыныптастарына қол көтереді.

Қабырғадан ұрды, енді төрт күннен бері барлық қабырғам ауырады, ішімнің тұсы ауырады. Ұрғанда арыздансам «шапалақпен» ұрамын деді. Мен мектепке барғым келмейді, өйткені ол маған бірнәрсе істей ме деп қорқамын, - дейді бала. 

Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған дерек бойынша Алатау ауданы әкімшілігінің тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: