Мектеп оқушыларына қоғамдағы заң үстемдігі мен тұрақтылықтың рөлі түсіндірілді

Бүгiн, 16:10 132

Қонаев қаласында «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында №3 орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Шараға полиция ардагерлерінің төрағасы Қалижан Алпысбаев пен Полиция департаменті және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жанар Көптілеуова қатысып, оқушылармен ашық сұқбат жүргізді.

Кездесу барысында ардагерлер полиция қызметінің маңыздылығы, заң үстемдігі және тұрақтылықтың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша жан-жақты жауап алды.

Айта кету керек, осы тектес кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге ықпал етеді.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: