Мектеп-интернаттың 32 оқушысы тамақтан уланып қалды

22 Қаңтар, 04:39 1023

Өзбекстанда Сурхандария облысындағы арнайы мектеп-интернаттың 32 оқушысы тамақтан уланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Газета.uz басылымының мәліметінше, 19 қаңтарға қараған түні Сурхандария облысына қарасты Сариосиё ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың жатақханасында тұратын 120 оқушының 32-сінде жүрегі айнып, асқазаны ауырған. Желіде тараған ақпаратты сенбі күні Өзбекстанның мамандандырылған білім беру мекемелерінің агенттігі растады.

Мектеп медбикесі балаларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейіннен оқушылар аудандық медициналық бірлестікке жіберілді.

Қазіргі таңда оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар оқуын жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.

19 қаңтар күні аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығы мектептің асханасын зерттеу эұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тұтынатын тағам үлгілерінің сынамаларын алды. Бүгінде тергеу амалдары басталды.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: