Мексикада жол апатынан 41 адам қаза тапты

9 Ақпан, 12:21 445

Мексиканың оңтүстігінде жол апатынан 41 адам ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Табаско штатында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бетке шығып, автобуспен соқтығысқан. 2 көлік те толығымен жанып кеткен. Автобуста 48 адам келе жатқан.

Көз жұмғандар арасында 38 жолаушы және 2 көліктің жүргізушілері бар. Апат орнында құтқару және тазарту жұмысы әлі жүріп жатыр.


Перизат Саденова
Бөлісу: