Мексиканың Чиуауа штатында кенеттен соққан құмды дауыл салдарынан әуежай мен жолдар жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті билік мәліметінше, көрініс нөлге дейін төмендеп, тұрғындар түсірген кадрлар апат ауқымын көрсетті. Бұл туралы жергілікті La Razón басылымы хабарлайды.
Басылымның жазуынша, жергілікті тұрғындар алдағы құм дауылы туралы ескерту алғанымен, оның мұндай ауқымды болатынын ешкім болжаған жоқ. Штат билігі бірден округтің басты тас жолын жауып, жергілікті әуежайдың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Мехико штатының азаматтық қорғаныс үйлестіру комитеті Ұлттық гвардиямен бірлесе отырып, халыққа сапарлардан бас тартуға және ресми хабарламаларды мұқият бақылауға шақырды.