Мексикада екі ұшақ соқтығысты

26 Қыркүйек 2023, 16:44 1167

Мексиканың солтүстігіндегі Дуранго штатында екі жеке жеңіл моторлы жолаушылар ұшағы соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға бүгін таңертен болған. Оның салдарынан бес адам қаза тапқан. 

Айта кетейік, ккі ұшақтың да маркасы Cessna.

Қазіргі таңда, оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: