Мексикада автобус жартасқа құлап, салдарынан 18 адам көз жұмды

2 Мамыр 2023, 01:37 737

Мексиканың батысындағы Наярит штатында жолаушылар автобусы құздан құлап, кем дегенде 18 адам қаза тауып, тағы 33 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компостела қаласына (Наярит штаты) шыққан автобус шамамен 15 метр тереңдікке құлаған. Оған жүргізушінің рөлге ие бола алмай қалуы себеп.  

Джалиско штатының губернаторы Энрике Альфаро қайтыс болғандардың көпшілігі Джалиско штатының тұрғындары екенін мәлімдеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: