Меккеге қажылыққа барған 230 адам қайтыс болды – The Guardian

30 Маусым 2023, 11:12 8309

Меккеге қажылықққа 160 елден 2,5 миллионға жуық мұсылман барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл COVID-19 пандемиясынан кейін алғаш рет қажылық коронавирустық шектеулерсіз өтіп жатыр. Тиісінше келушілер саны да күрт артқан.

Өкінішке қарай, бұл күндері Сауд Арабиясында аптап ыстық орнаған. Ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Салдарынан бес парызының бірін өтеуге барған 4000-нан астам адам зардап шекті.

Соңғы мәліметтер бойынша, 1700-ге жуық адамның басынан күн өткен. Ал The Guardian басылымы аптап ыстықтан 230 адам қайтыс болғанын жазып жатыр. Дегенмен жергілікті шенеуніктер бұған қатысты әлі ресми ақпарат берген жоқ.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі қажыларды күнге көп шықпауға және көбірек сұйықтық ішуге шақыруда.

Оқи отырыңыз:

ZamZam Qazaqstan қажылық компаниясы арқылы үлкен қажылыққа аттанған Қазақстанның 380 азаматына берілген виза құжаты жалған болып шықты

Биыл 4 мың қазақстандық қыжылық парызын орындайды - Бас мүфти

Мадина Асылбекова
Бөлісу: