Медициналық ұйымдар 52 мың көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп белгілеген – Көлгінов

17 Мамыр 2023, 12:39 730

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол дұрыс емес. Бұл – заң бұзушылық. Оның бәрін бақылау үшін қыруар күш, адамдар мен қаражат керек. Сол үшін біз цифрландыруды енгізіп жатырмыз. Бүкіл қызметтер цифрландырылатын болса, қызмет сапасы артатын болады. Қаражат тиімді жұмсалатын болады, - деді ол.

Ол сондай-ақ МӘМС жүйесінде шешілмеген түйін мен проблеманың неліктен көп екенін түсіндірді.

Біріншіден, бұл – жаңа жоба, әлемдік стандарт. Жоба енді қолға алынғанда пандемия басталды. Қыруар қаражат пандемиямен күреске кетті. Бастама болғаннан кейін, жаңа тәжірибе болғаннан кейін кемшіліктерге назар аударуымыз керек, - деді ол.

Сондай-ақ ол ерекше балаларға арналған арнайы мектептерді көбейтуге қатысты да айтты.

Біз олардың көбейгенін қаламаймыз. Бірақ балалардың саны көбейіп жатыр. Сондықтан мектептің де санын көбейтеміз. Арнайы мектепте ол балаларды бөлек оқытуды дұрыс шешім деп есептемейміз. Балалар басқа мектептердегі қатарластарымен араласуы керек. Әлеуметтік ортаға бейімделуі керек. Социализация болуы керек, - деді Көлгінов.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: