Медициналық қызметтердің ақысы автоматты түрде төленеді

8 Қараша, 14:17 446

Медициналық қызметтердің ақысы автоматты түрде төленеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы бағытта 4 функционал іске қосылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен медициналық ұйымдар арасындағы келісімшарттар цифрландырылып, мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, көрсетілген медициналық қызметтердің қаржылай көлемі тиісті тарифтер арқылы есептеледі және ақауларына мониторинг жүргізіледі.

Егер көрсетілген медициналық көмекте немесе қызметте қателер немесе заңсыз көрсетілген қызметтер болса, оны дефекті ретінде автоматты түрде анықтап, қаржыландыруды ұстап қалу және көрсетілетін қызметтер бойынша автоматты түрде қаржы төлеуді қамтамасыз ету көзделген, - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында.

Жоба қараша-желтоқсан айының соңында бітеді және 1 қаңтардан бастап Қазақстанның барлық медициналық ұйымдарында іске қосылмақ.

Бұл жүйе арқылы 1900 жуық медициналық ұйым жұмыс істейді және жылына шамамен 350 мыңнан астам медициналық қызметтердің мониторингі мен төлемін қамтамасыз етеді, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Мөлдір Қайнар
Бөлісу: