Медициналық пойыз Жамбыл облысына аялдады

20 Қараша 2023, 22:47 619

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы соңғы өңір – Жамбыл облысына жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы екі аптада мамандар 8 станция тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады. Теміржол үстіндегі емхана мамандары шалғай елді-мекендерді аралаған сегіз айдың ішінде 100-ден астам станцияның тұрғындарын қабылдады. Оның ішінде 76 мыңнан астам тұрғын, 16 мыңнан астам бала тексерілді.

9 000 тұрғынға шағын хирургиялық оталар жасалды. 150 мың адамға арнайы мамандар кеңес берді. Биыл дәрігерлер құрамына азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін мамандар қосылды.

Жамбыл облысында медпойыз Тамды (20-21.11), Хантау (22-23.11), Шығанақ (23.11), Мыңарал (25-27.11), Қаражыңғыл (28-29.11), Еспе (30.11 - 01.12), Шоқпар (01-03.12) және Бел (03-05.12) бекеттерінде көрсетілген мерзімде тоқтап, тұрғындарды қабылдайтын болады.

Берік Арманов
Бөлісу: