Медициналық маска тұмаудан қорғай ала ма?

17 Қаңтар 2017, 10:08 6569

Тұмау эпидемиясынан қаншалықты қорғалғансыз?

Маусымдық тұмау эпидемиясының өршуіне байланысты көпшілік адамдар медициналық маскаларды көптеп сатып алуда. Мамандардың сөзіне сенсек жақында ғана тұмау вирусының екінші кезеңі басталды. Вирустан қалай қорғанамыз? Медициналық масканың пайдасы бар ма? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.  

Медициналық масканың пайдасы бар ма?

Пайдасын ең әуелі масканы кім және қандай мақсатпен падаланатыны сондай-ақ масканың түріне байланысты айтуға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірінше, қоғамдық көлікте, дүкендерде немесе ашық ауада маска кию арқылы инфекциядан қорғану мүмкін емес.   

Маска неге қорғай алмайды?

Біз алдымен тұмау ауа арқылы таралатынын түсінуіміз керек. Тұмауды қоздыратын инфекция жұқтырған адам түшкіріп немесе жөтелетін болса ауаға инфекциясы бар тамшылар тарайды, айналасындағы сау адам сол ауамен тыныстайды. Екінші жолы, инфекциясы бар ауа қабатын қолымен ұстап, кейін қолдарын бетіне тигізер болса тұмау жұқтырудың мүмкіндігі жоғары. Бұл жерде мәселе сілекейдің бөлшектерінде емес, көзге көрінбейтін микроскопиялық бөлшектер туралы болып отыр. Көп жағдайда адамдар қорғаныс қабілеті ең төмен санаттағы FFP1 (сондай-ақ  FFP2 және FFP3 түрі бар) моделін алады. Масканың мұндай түрі тұмау инфекциясын жұқтырған кішкентай микро бөлшектерден қорғай алмайды.

Онда не үшін сатады?

Егер қорғаныс қабілеті төмен болса, не үшін сатылымға шығады деген сауал тууы мүмкін. Ондай маскалар өзге мақсатқа яғни хирург дәрігер ота жасау барысында бетін қорғау үшін киеді. Немесе тұмау жұқтырған адам айналасындағыларға зиянын тигізбес үшін киюі мүмкін. Дегенмен, тұмауға шалдыққан адамның өзі маскасын әрбір сағат сайын ауыстырмаса, тыныс алған сайын инфекцияның мөлшері әдеттегіден де көп жиналып, қауіпті күшейте түседі.

Тұмаудан қорғану үшін қандай маска киген жөн?

Масканың ең тиімді әрі сенімді түрі FFP2 және FFP3 үлгісі. Масканың бұл түрін әдетте кәсіби мамандар мәселен медициналық персонал сондай-ақ тұмаудың асқынған түрін жұқтырған адамдар киеді. Ондай масканың түрін күнделікті кию өте ыңғайсыз әрі қорғаныстың бұдан да сенімді түрі бар.

Қалай қорғануға болады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцинацияға арналған препараттар бар. Мамандар әр маусымда тұмаудың қай түрі өршігенін анықтап, соған сәйкес жақындарына керекті нұсқаулық бойынша препараттар тағайындайды. Әсіресе тұмау жұқтыру қаупі жоғары санатқа жататын кішкентай балалар мен жүкті әйелдерге сондай-ақ егде жастағы медициналық әрі әлеуметтік жұмысшыларға жыл сайын екпе алып тұрған абзал.

Тұмау эпидемиясы қауіпті ме?

Тұмау эпидемиясы аса қауіпті емес. Ол көбінесе тұмаудың қай түрін жұқтырғанына байланысты болмақ. Көп жағдайда біз тұмауды дәрігердің көмегінсіз емдеп аламыз. Дей тұрғанмен кейде дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келетін сәттер де болады.  

Балалар ауырғанда алаңдаушылық тудыратын белгілер мысалы тыныс жолдарының бұзылуы, дене терісі түсінің өзгеруі, сұйықтық ішуге деген тәбеттің төмендеуі, жоғары температура немесе жөтел болуы мүмкін. Ал, үлкен адамдарда көбінесе тыныс алу қиындап, ауа жетіспеушілік, кеуде қуысының ауруы, жүрек айну, кеңістік пен уақытта сезіну қабілетінің бұзылуы, құсу белгілері орын алады. Және бұл соңғы тізім емес өзге де белгілер болуы мүмкін. Егер сізді қандай да тұмау белгілері мазаласа дәрігерге қаралған жөн.  

Қай кезде екпе қабылдаған жөн?

Маусымдық тұмау эпидемиясы басталмай тұрып екі апта бұрын екпе қабылдаған дұрыс. Әдетте тұмаудың түрлері қаңтар айының орта тұсы мен ақпан айының басында өршиді. Қыркүйек айына дейін екпе қабылдаудың қажеті жоқ, себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тек жазда ғана тұмау түрлеріне болжам жасап, біраз уақыт вакцина әзірлеуге уақыттарын жоғалтады.  

Журналист материалды әзірлеу барысында инфекционист-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Трощанский мен дәрігер Артем Охотиннің кеңесіне жүгінді.

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: