Медиация немесе делдал: Кез келген адам медиатор бола ала ма?

21 Қараша 2018, 11:11 3108

Медиация институты - сотқа дейін мәмілеге келу деген мағынаны білдіреді. Бірақ, бұл процесс түгелдей осы ортақ мәмілеге келтіретін делдалға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Кәсіби медиатор - дәл осы делдал.

Ол түрлі даулы мәселелерді шешу үшін күш салатын, білікті де білімді, жан-жақты маман болуы тиіс. Медиация процесіне бейтарап делдал ретінде қатысады. Оның басты мақсаты - жанжалдасқан екі тараптың да мүдделерін қорғай білу. Өз бейтараптығын ол даулы мәселе толық шешілмейінше ұстанып отыруы шарт. Сонда ғана оған сенім артуға болады. Дауласқан тараптардың келіссөздері кейде өте ұзаққа созылып, күрделене түсуі мүмкін. Осы ретте медиатордың көмегі ауадай қажет. Себебі ол жанжалдасып қалғандарды бір-бірін ең алдымен тыңдауға, кейін түсінуге және белгілі бір ұстанымға келуге көмектеседі. Оның түпкілікті мақсаты - дауласқан тараптардың барлығы да қанағат қыла алатын ортақ шешімге келтіру. Былайша айтқанда, жанжалдасып қалған тараптар бір-біріне жұдырық ала жөнелмей, қол ұстасып, ұрыссыз тарайтын болса, мұны медиатордың жеңісі деп санауға болады.

Кез келген адам медиатор бола алады ма деген заңды сауал туындайды. Бұл ретте айта кеткен жөн, қазір елімізде кәсіпқой медиаторлар қоғамдастығы қалыптасқан. Олар – осы іспен айналысуға рұқсат беретін сертификатқа ие тұлғалар. Яғни, олар оқу оқып, арнайы даярланған мамандар. Бұдан бөлек, кәсіпқой емес медиаторлар бар. Мұндайлардың айқын бейнесі - кешегі билер. Ұлы дала елінде талай даулы мәселелерді реттеп, сан алуан адамдарды қантөгістен арашалап қалған бабаларымыз бүгінгі медиацияның негізін қалап кетті десек те болады.

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ ОСЫ ЖЕРДЕ

Бөлісу: