Медиация күні аясында республикалық акция өтті

5 Тамыз 2022, 14:43 1743

Қазақстан халық Ассамблеясы қоғамдық медиаторларының қатысуымен «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті

Бірыңғай республикалық медиация күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеттерінде және диалог алаңдарында мемлекеттік органдар өкілдері мен ҚХА қоғамдық медиаторларының қатысуымен «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті, ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­– деп хабарлайды El.kz.

Шара онлайн форматта Шымкент қаласында өткізілді. Акцияның мақсаты: халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтар арасында туындайтын даулар бойынша консультациялар өткізу болып табылады.

2009 жылы Қазақстан пост кеңестік аумақта бірінші болып тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы арнайы заң қабылданған. Заң алғаш рет құқық бұзушының мінез-құлқына арнайы талаптарды белгілеу және қорғау тәртібі түсінігін енгізді.

«Статистикаға сүйенсек, Шымкент қаласы 1,1 млн тұрғынды қамтиды. Оның 30%-дан астамын этнос өкілдері құрайды. 23 тұрғын этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтар санатында. Агломерацияның тартылыс аумағына Түркістан облысы еніп, Шымкент республика халқының 5/1 тұрмысын айқындаған қала болып отыр. Халық санын, оның ұлттық құрамын ескеретін болсақ, этномедиация қаламыз үшін маңызды қоғамдық құқықтық институт. Поле этносты өңір үшін алда тұрған басты міндет азаматтар арасында мәмле орнықтыру және кез келген келіспеушілікті ортақ келісіммен шешу маңызды. Сол себепті, қалада қоғамдық келісімді сақтауда медиацияны дамыту қажет деген ортақ түсінік бар», ­­­­­­­­ – деді Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесінің төрағасы Лаура Ақшегерова.

Қалаға қарасты 4 аудан әкімдіктерінің рейстріне 211 медиатордың деректері енгізілген. Қалада кәсіби келіссөз жүргізу қауымдастықтары құрылып, сот органдары мен жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау құрылымдарымен және азаматтық қоғам институттарымен ықпалдастық орнатылған.

«Қазіргі таңда қаламызда 4 медиатор жұмыс жүргізеді. Олардың қызмет аясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысын қамтиды. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалдастық байланысы бар. Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына қосылды. Ассамблея медиаторларының қызметіне 15 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуге қызмет атқарып жатыр. Осы ұғым жөнінде халық арасындағы түсіндіру жұмыстарына 6 кәсіби, 7 қоғамдық медиатор тартылды», – деді Лаура Ақшегерова.

Сонымен қатар, этномедиацияның мәні мен маңызын, әдісі мен тәсілін түсіндіруде оқыту семинарлары, вертуалды қабылдаулар жүргізіліп жатыр. Мәселен, былтырғы жылы Ассамблея медиаторлармен 6 вертуалды қоғамдық қабылдау, 5 оқыту семинары, медиация форумы өткізілсе, биылғы жылы бұл жұмыстар этнос өкілдері жинақы қоныстанған 23 шағын аудан халқы мен түсіндіру кездесулерінде атқарылды. Жақын күндері мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Ассамблея құрылымдарының мүшелері арасында этномедиация бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Миражан Махан
Бөлісу: