Медиация институтын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

29 Наурыз 2018, 02:35 1934

Медиация институтын дамыту және насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Абай ауданы әкімі аппаратында дөңгелек үстел өтті.

Жиын Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Кабдуалиеваның төрағалығымен өтті.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға кәсіби және қоғамдық медиаторлар,  Абай аудандық сотының  судьялары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, аудан прокуратурасының және Абай ауданы әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

Іс-шарада аудандағы медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Кездесу барысында қатысушылар халыққа медиация институтын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыруға қатысты пікірлерін айтып, бұл бағыттағы негізгі ұсыныстар қабылданды.

Бөлісу: